Қарағандылық боксшы WBA Asia чемпионы атанды
Қарағандылық Руслан Мәдиев спорт мансабында бір жарым жылдық үзілістен кейін жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы атанды. Боксшыны жеңісімен Қарағанды облысы әкімдігінде құттықтады.
Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей былғары қолғап шеберінің жоғары кәсібилігін, техникасы мен ерік-жігерін атап өтті.
– Сіз тек аймақ үшін ғана емес, ең бастысы – өскелең ұрпақ үшін де үлкен мақтанышсыз. Қарағанды әрқашан өзінің боксшыларымен танымал болған. Біздің өңір – бокс мектебінің ұстахансы іспеттес. Енді сіз бізді кәсіби рингтегі өнеріңізбен қуантасыз. Біз сізге сенеміз және жаңа жеңістер тілейміз. Біздің жас спортшыларымыз үшін сіздердің қатысуларыңызбен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру қажет, – деді ол.
Руслан Мәдиев 2023 жылы наурызда Мексикада екінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін өзінің мансабын тоқтататынын жариялады. Дегенмен, ол тағы да рингке шығып, тағы да үздік екенін көрсете алды. Жекпе-жекті 21 қыркүйекте Алматыда отандық промоутерлік компания ұйымдастырды. Оның қарсыласы ресейлік Тигран Согоян болды. 10 раундтан кейін төрешілер бірауыздан қарағандылыққа чемпион атағын берді. Руслан үшін бұл кәсіби мансаптағы он алтыншы жеңіс.
– Мен жарыстардан сәл үзіліс алдым, бірақ жаттығуды тоқтатқан жоқпын. Әрқашан өзімді формада ұстадым. Азия чемпионы атағын алуды ұсынғанда, мен бірден келістім. Жекпе-жектен бірнеше күн бұрын қарсыласым ауысты. Бірақ бұл нәтижеге әсер еткен жоқ. Керемет қиындықтар болған жоқ. Егер бәрі ойдағыдай болса, онда атақты қорғауға арналған жекпе-жек Қарағандыда өтеді, – деп бөлісті кәсіпқой боксшы.
Руслан Мәдиев бокспен 10 жасында айналыса бастағае. 100-ден астам жекпе-жекті әуесқой рингте өткізді. Қазақстанның ұлттық турнирлерінде өнер көрсетіп, жастар құрамасының құрамына кірді.
2015 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. 18 жекпе-жек өткізді, 16 рет жеңіске жетті (оның 6-ы нокаутпен).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -