Қарағандылықтар грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен ҚР кубогында бес медаль жеңіп алды
Таразда күрестің үш түрінен ауқымды чемпионат өтті. Қарағанды облысынан 29 спортшы қатысты.
Біздің өңірден әйелдер күресінде 10 қыз өнер көрсетті. Олардың үшеуі медаль жеңіп алды.
59 келі салмақ дәрежесінде Гүлдана Бекеш алтынға ие болды. 59 және 75 келі салмақ дәрежесінде Зульфия
Яхьярова мен Эльмира Сыздықова екі қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінде аймақтың намысын 11 спортшы қорғады. Ибрагим Магомадов 77 кг салмақ дәрежесінде алтынға ие болды.
Қарағандылық сегіз палуанның екеуі бесінші орынға ие болды.
– Біз бұл нәтижені қанағаттанарлық деп санаймыз. Әрине, одан да жоғары нәтиже күттік, бірақ бұл кубокқа елдегі ең мықты спортшылар қатысқанын айта кеткеніміз жөн. Қазақстан мен Азия чемпиондары да болды. Олимпиада чемпиондары мен Әлем чемпиондары ғана болған жоқ, – дейді "Дәулет" күрес түрлері бойынша ОРОБЖСМ басшысының міндетін атқарушы Сағадат Әбдікәрімов.
Қазір Кубокта медаль жеңіп алған спортшылар қалпына келуі керек. Осыдан кейін оларды одан да қиын жаттығулар күтеді.
– Алда 2025 жылы Қазақстан, одан кейін Азия және әлем чемпионаттары тұр. Біз дайындалып, жаңа жеңістерді күтеміз, – деді Сағадат Әбдікәрімов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -