Қарағандылықтар тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатының жүлдегерлері атанды
Қарағандылық Асылхан Қожанәсіп Түркияда тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында алтын алды, ал Аңсаған Қожанәсіп пен Жақсылық Рахымжан қола жүлдегер атанды.
Зияткерлік ойынға 14 елден – Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания, Франция, Чехия, Украина, Грузия, Венгрия және АҚШ-тан 100-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс тоғызқұмалақтың классика, рапид және блиц сияқты түрлері бойынша өтті.
Асылхан Қожанәсіп классикада бірінші болды,
Аңсаған Қожанәсіп блицте үшінші орын алды. Жақсылық Рахымжан мангала түрік зияткерлік ойынында қола жүлдеге ие болды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -