Қарағандылықтарды Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылатын сенбілікке шақырады
Қарағанды тұрғындарын 21 қыркүйекте сенбілікке қатысуға шақырады. "Бүркіт" кемпингінің жанында қылқан жапырақты тоғайды қоқыстан тазарту көзделіп отыр. Сенбілік Дүниежүзілік тазалық күнін қолдау мақсатында өтеді.
Оның барлық мүшелері қолғап пен қап алады. Қоқысты бөлек жинау керек, себебі болашақта оны қайта өңдеуге тапсырады.
Ең белсенділерге эко-сыйлықтар беріледі.
Тазалау аяқталғаннан кейін пикник жоспарланған.
"Сенбілік – табиғатты қорғауға үлес қосудың, жаңа адамдармен танысудың және уақытты тиімді өткізудің тамаша мүмкіндігі. Достарыңызбен, отбасыңызбен және әріптестеріңізбен бірге келіңіздер. Қаланы бірге таза етейік!" – дейді сенбілікті ұйымдастырушылар - Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.
Сенбілік өтетін орынға қоқыспен күресушілерді автобус жеткізеді. Барлық ниет білдірушілер сағат 09:30-да каскадты субұрқақтың жанындағы паркингте күтеді (Бұқар жыр д-лы, 47).
Қосымша ақпарат +7-705-875-06-53 телефоны бойынша.
World Clean up day акциясы республиканың барлық өңірлерінде өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -