Қарағанды облысында 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын тойлау басталады
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде атап өтіледі. Мерейтойға арналған 50-ден астам іс-шара: форумдар, конференциялар, фестивальдар, қайырымдылық акциялар және т. б. шаралар ұйымдастырылады. Мереке 1 наурызда, Алғыс айту күні ашылады. Сонымен қатар Қайырымдылық керуені басталады, оның мақсаты әлеуметтік жобаларды қолдау, мұқтаж жандарға көмек көрсету.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда жарияланған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бастамасы және қабылданған республикалық тұжырымдама шеңберінде өткізілетін болады. Облыста 50-ден астам ірі имидждік іс-шараларды қамтитын жоспар әзірленіп, бекітілді, – деп баяндады аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.
Алғыс айту күніне форум арналады. Сәуір айында облыстық ҚХА кеңейтілген кеңесі, мамыр айында Қарағанды облысының ҚХА сессиясы жоспарланған. «Өнерім саған, Қазақстан» этностар фестивалі ұйымдастырылады.
Мерейтойлық датаға арналған тақырыптық мурал идеясын «Жастар ассамблеясы» өңірлік өкілдігінің белсенділері ұсынды.
Қарағандылықтар республикалық меценаттар форумына, ҚХА көшбасшылар мектебіне, республикалық ҚХА аналар кеңесіне қатысады.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық жерде ҚХА жетістіктері, бірлік пен толеранттылықты қалыптастырудағы бірегей қоғамдық институттың рөлі туралы айту қажеттігін атап өтті.
– Бұл жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтетін жыл. Бірқатар нақты міндеттерді көздейтін мерекелеу тұжырымдамасы әзірленді. Барлық қалалар мен аудандарда тұрғындарды мерейтойлық іс-шараларға тарта отырып, сапалы жұмыс жасалуы тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -