Қарағанды облысында жолдарда қар көшкінінің алдын алу үшін шаралар қолданылуда
Қарағанды облысында жаңа үлгідегі қар ұстайтын қоршаулар орнатылады. Ал қар басып қалған учаскелердің бірінде тосқауылды металл торстармен алмастыру туралы шешім қабылданды.
Қар жиналуының алдын алу шаралары туралы аппараттық кеңесте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мұқашев айтып берді.
– Қар көшкіні мен мұздақтың пайда болуын болдырмау үшін биыл ұзындығы 3 км Нұра – Осакаровка, ұзындығы 2 км «Шахтинск-Сәрепті» және ұзындығы 400 м «Сарыарқа» әуежайына кіреберіс автожолдарының учаскелерінде композитті қар ұстайтын қоршаулар орнату жоспарлануда, – деп хабарлады ол.
Осакаровка – Молодежное автожолының асуында тосқауылдарды металл арқандармен алмастыру көзделген. Бұл жолдың жүру бөлігіндегі қардың желмен тез ұшып кетуіне мүмкіндік береді.
Мақсат Мұқашев осы жылғы жол жұмыстары туралы баяндады.
Нұра – Осакаровка, Жартас – Долинка, Үштөбе – Құрылыс жол учаскелерін қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Саран – Шахтинск автожолын күрделі жөндеу жалғасады.
Дубовка ауылынан Саран қаласына дейінгі облыстық маңызы бар 6 км автожолды, сондай-ақ Шахан – Жаңаталап автожолының 5 км қайта жаңарту бойынша жобалық құжаттама әзірленді. Жобаларды іске асыру осы жылға жоспарланған.
Облыстық маңызы бар 72 км автомобиль жолы орташа жөндеумен қамтылатын болады.
Теміртау – Токаревка автожолындағы Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жалғасуда. Су тасқыны кезеңіне дейін жұмысты жеделдету қажет. Сондай-ақ, Саран – Шахтинск автожолындағы Шерубай-Нұра өзені арқылы өтетін көпір қайта жөнделуде. Қарағанды – Шахтинск автожолындағы екі көпірді реконструкциялауға ЖСҚ әзірленуде.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша биыл облыстың барлық жеті ауданының 24 елді мекенінде ішкі кенттік жолдар ретке келтіріледі.
Республикалық маңызы бар жолдарға қатысты Қарағанды – Балқаш жолын жайластыру жалғасады. Балқаш – Бурылбайтал автожолында ұзындығы 91 км болатын екі учаскенің құрылысы аяқталды, биыл Тасаралдан Сарышағанға дейінгі үшінші учаскеде асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жалғасады. Қарағанды – Қарқаралы автожолын жөндеуді толығымен аяқтау жоспарланып отыр, бұл жолдың 85 шақырымын ретке келтіру қалды.
Бұдан басқа, Қарағанды – Павлодар автожолын орташа жөндеу жалғасады.
Барлық жобаларды бақылау Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметшілер үшін біліктілігін арттыру үшін Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтында оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Курстарға ТКШ, көлік саласына жетекшілік ететін мамандар жіберіледі.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жол жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. Жол-құрылыс материалдарының сапасына ерекше назар аудару қажет екенін еске салды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -