Қарағанды облысында экстракорпоральді ұрықтандыру тегін жасалады
Қазақстанда ЭКҰ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне кіреді және медициналық көрсетілімдер болған жағдайда тұрғындарға тегін жасалады. Қарағанды облысында МӘМС бойынша көмекші репродуктивті технология (КРТ) бағдарламасының толық циклін өткізетін жалғыз орталық "Ақжан" клиникасында орналасқан.
2021 жылы республикада "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске асыру басталды. Осы сәттен бастап 2024 жылдың қыркүйегіне дейін "Ақжан" клиникасында МӘМС бойынша 536 ЭКҰ бағдарламасы орындалды. Бір бағдарламаға 1,2 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады.
"Ақжан" клиникасында көмекші репродукцияның барлық әдістері мен рәсімдері жүзеге асырылады: ЭКҰ, ИКСИ, ПИКСИ, донорлық жасушалары бар ЭКҰ, эмбриондарды, жұмыртқаларды, сперматозоидтарды криоконсервациялау.
– КРТ заманауи әдістерін қолдана отырып, біз бедеулікті емдеу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынамыз – бастапқы диагностикадан бастап ЭКҰ хаттамасын сәтті өткізуге дейін. Жұмыс барысында біз ең озық репродуктивті технологияларды, дәлелденген әдістемелерді және заманауи медицинаның соңғы жетістіктерін белсенді түрде енгіземіз, – дейді репродуктолог Ирина Петровец.
Квота алу үшін әйелдер МӘМС қатысушысы болуға не жеңілдікті санатқа жатуға тиіс. Егер қандай да бір себептермен пациентте "сақтандырылмаған" мәртебесі анықталса және бұл ретте ол жеңілдікті санаттардың ешқайсысына жатпаса, МСАК ұйымы тексеру жүргізе алмайды, диагноз қоя алмайды және ЭКҰ квотасына өтініш бере алмайды.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -