Қарағанды облысында өрт қауіпті кезеңдегі профилактикалық іс-шаралар
Көктем-жаз кезеңінің басталуымен өрт қаупі де арта түсті. Қарағанды облысының аумағында ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап өрт қауіпті кезеңі жарияланды.
Табиғи өрттерді алдын алу және оларды жою мақсатында Қарағанды облысы ТЖД инженерлік-инспекторлық құрамы жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, орман мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізу үшін 128 мобильдік топ құрды, олар өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бері 116 рейд, 4756 адамды қамти отырып 237 нұсқама жүргізді.
Табиғи өрттер мен өрттердің пайда болу себебі көп жағдайда халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы болып табылады, атап айтқанда: өтіп бара жатқан көліктерден тасталған сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі, пикниктерден кейін сөндірілмеген оттар, құрғақ өсімдіктердің бақыланбайтын немесе байқаусызда орын алған жанулары.
Әр адам демалыс және мереке күндерді табиғатта демалу үшін үлкен қуанышпен күтеді. От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Ал желді ауа-райында от жағуға мүлдем жол берілмейді. Табиғатта болған кезде сіз өте мұқият болуыңыз керек: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамаңыз, сөндірілмеген оттарды, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз.
Қарағанды облысының ТЖД барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -