Қарағанды облысының дәріханаларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде антибиотиктердің жекелеген түрлерінің жетіспеушілігі туралы ақпарат тарап жатыр. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті облыс дәріханаларындағы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты екенін хабарлайды.
– Қарағанды облысы бойынша 2024 жылға арналған жіті респираторлық вирустық инфекцияларға (тұмау, ЖРВИ және COVID-19) қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары шеңберінде Департаментпен апта сайын бөлшек және көтерме сауда жүйелерінде вирусқа қарсы, антибактериальды, қызуды басатын, антитромботикалық дәрілік заттардың, сонымен қатар медициналық бұйымдардың бар болуы туралы мониторинг жүргізіледі, – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша МФБКД басшысы Ольга Смирнова. – Қазіргі уақытта облыс дәріханаларында дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.
Сондай-ақ, Департамент дәрілердің бұл топтары және олардың аналогтары дәріхана қоймалары мен дәріханаларда бар екенін атап өтті.
– Қол жетімділік туралы ақпаратты анықтамалық қызметтерден немесе мобильді қосымшалардан білуге болады, – деді Ольга Смирнова. – Егер дәріханада Сізге қажет дәрі болмаса, фармацевтпен бірдей емдік әсері бар аналогтар ұсыныла алады.
Сонымен қатар, Департаментте дәріханалар және дәріхана қоймалары жеке бизнес субъектілері болып табылатынын атап өтті. Сондықтан дәрілік заттарды сатып алу иелерінің жеке қаржы қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ассортимент пен дәрілік заттардың көлемін дәріхана ұйымдарының басшылары сұранысқа сәйкес дербес анықтайды.
– Кез-келген ауруларды емдеу дәрігердің кеңесінен және тағайындауынан кейін жүргізілуі керек екенін ескеру маңызды, сондықтан вирустық инфекция белгілері пайда болған кезде тұрғылықты жеріңіздегі емханаға баруды немесе жедел медициналық көмекке жүгінуді ұсынамыз, – деп Қарағанды облысы бойынша МФБКД басшысы атап өтті.
Дәрілік заттардың сатылымда болуы туралы ақпаратты анықтамалық қызметтерден немесе I-teka мобильді қосымшасы арқылы немесе келесі байланыс телефондары арқылы білуге болады:
- I-teka анықтамалығы – 55-91-55, 8-771-103-11-23 (WhatsApp);
- Қарағанды қаласы дәріханасы анықтамалығы – 1333, 30-48-11, 8-707-173-96-75.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -