Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ТЖМ аппарат басшысының міндетін атқарушы Ерғали Бахаев департаменттің жеке құрамына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл қызметке бұрын ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған Марғұлан Аманбаев тағайындалды.
Марғұлан Аманбаев 1973 жылы 20 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген.
2000 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -