Қарағанды университеті Азиядағы үздік университеттер рейтингінің алдыңғы қатарында: Қарағанды ​​облысы, 08 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарағанды университеті Азиядағы үздік университеттер рейтингінің алдыңғы қатарында

35 қазақстандық жоғары оқу орны 2025 жылғы QS Азия университеттері рейтингіне енді. Олардың қатарында қарағандылық үш университет бар.

Биыл QS Азия рейтингіне 985 университет қатысқан. Бұл Үндістан, Қытай, Вьетнам, Тайланд, Тайвань, Малайзия, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді елдердің оқу орындары.  Бұл жолы тарихтағы ең үлкен қатысушылар саны тіркеліп отыр.

Е. Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өткен жылмен салыстырғанда 39 позицияға көтеріліп, 167-орынға ие болды. Азиялық рейтингке енген 35 қазақстандық университеттің ішінде ҚарУ үздік ондыққа енді.

Айта кету керек, университет студенттердің шығыс мобильдігі көрсеткіші бойынша Азиядағы 50 үздік университеттің қатарына да енді. Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, академиялық беделі және студенттердің халықаралық академиялық мобильдігі көрсеткіштерін жақсартты.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 264-орынды иеленсе, Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасында 14-орынға көтерілді (барлығы 65 Орталық Азия университеті қатысты). Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингінде бұл университет 10-шы орында тұрақталды.

Қарағанды индустриалды университеті рейтінгінің 701–750 орнына тұрақталды.

QS Азия университеттері рейтингі қазіргі таңда ең беделді. Ал университетті бағалау жүйесі (индикаторлары) білім сапасын бағалаудың әлемде мойындалған құралы ретінде саналады.

QS университеттерді академиялық беделін, оқытушылар мен студенттердің арақатынасын, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу деңгейі бойынша бағалайды.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

35 қазақстандық жоғары оқу орны 2025 жылғы QS Азия университеттері рейтингіне енді. Олардың қатарында қарағандылық үш университет бар.

Биыл QS Азия рейтингіне 985 университет қатысқан. Бұл Үндістан, Қытай, Вьетнам, Тайланд, Тайвань, Малайзия, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді елдердің оқу орындары.  Бұл жолы тарихтағы ең үлкен қатысушылар саны тіркеліп отыр.

Е. Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өткен жылмен салыстырғанда 39 позицияға көтеріліп, 167-орынға ие болды. Азиялық рейтингке енген 35 қазақстандық университеттің ішінде ҚарУ үздік ондыққа енді.

Айта кету керек, университет студенттердің шығыс мобильдігі көрсеткіші бойынша Азиядағы 50 үздік университеттің қатарына да енді. Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, академиялық беделі және студенттердің халықаралық академиялық мобильдігі көрсеткіштерін жақсартты.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 264-орынды иеленсе, Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасында 14-орынға көтерілді (барлығы 65 Орталық Азия университеті қатысты). Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингінде бұл университет 10-шы орында тұрақталды.

Қарағанды индустриалды университеті рейтінгінің 701–750 орнына тұрақталды.

QS Азия университеттері рейтингі қазіргі таңда ең беделді. Ал университетті бағалау жүйесі (индикаторлары) білім сапасын бағалаудың әлемде мойындалған құралы ретінде саналады.

QS университеттерді академиялық беделін, оқытушылар мен студенттердің арақатынасын, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу деңгейі бойынша бағалайды.

Аймақтағы жаңалықтар