Қаратал ауданындағы Сарыбұлақ пен Көпбірлік ауылдарында ауыз су сапасына қатысты мәселе шешілді
орталықтандырылған сумен қамтылған. Бұған дейін ауыз судың сапалы өзекті болып келген Сарыбұлақ пен Көпбірлік ауылдарында бұл мәселе шешімін тапты. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданының халқымен кездесу барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Сарыбұлақ ауылында су жүйесінің құрылысы аяқталды, зерттеу қорытындысы негізінде су санитарлық нормаларға сәйкес деп танылып, тұрғындарға ауыз су беріле бастады. Сол сияқты Көпбірлік ауылын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында сумен жабдықтау желілеріне жаңғыртылған тұщыландыру қондырғысы орнатылды, - деді Б. Исабаев.
Сондай-ақ Ұмтыл ауылын ауыз су жүйесінің құрылысы мен Қанабек ауылының ауыз су жүйесіне күрделі жөндеудің ЖСҚ-сы әзірленді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -