Қаратал өзенінің арнасын тереңдету кезіндегі алынған қиыршық тастар жағалауды бекітуге жұмсалады
Кезекті су тасқыны кезеңінде су тасқыны мен төтенше жағдайдың туындауына жол бермеу мақсатында Жетісу облысының ТЖ Департаменті мен Талдықорған қаласының әкімдігі Қаратал өзенінің бойындағы тұрғын үй алаптары мен әлеуметтік және инженерлік нысандар орналасқан аса қауіпті учаскелерде кешенді жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте қаланың Н. Назарбаев даңғылы мен І. Жансүгіров көшесіндегі көпірлер арасындағы және облыстық перинаталдық орталыққа дейінгі, сол сияқты төменгі саяжайлар орналасқан жағалауды бекіту учаскелеріне ерекше назар аударылып отыр.
Осы орайда бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бұл жұмысты өз бастамасы бойынша инженерлік техникасы және көлігі бар жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жасағына кіретін жергілікті кәсіпорындар жүргізуде. Аталған компаниялар, ТЖД және әкімдік арасында тиісті хаттамаға қол қойылды.
Аталған аймақтағы өзен арнасын тазарту жұмыстары барлық қажетті талаптар сақтай отырып атқарылуда, бүлінген жерлер қалпына келтіріліп, қазынды толтырылуда.
Қиыршық тас материалына туралы мәселеге келсек, ол комиссия тарапынан толығымен актіленіп, кейін жағалауды нығайту жұмыстарына қажет болған жағдайда пайдалану үшін жинақталады.
Соңғы жылдары қорғаныс құрылыстарын, көпірлерді қалпына келтіру мен нығайту, ағынды бағыттаушы және жағалаудан қорғаушы бөгеттер салу, Қаратал өзенінің арнасын тазарту бойынша кең көлемді жұмыстар орындалды. Соның нәтижесінде қаланың инженерлік құрылыстары мен тұрғын аудандарын су басу қаупі айтарлықтай төмендеді. «Үйтас», «Қызылтас», «Шайқорған», «Қаратал», «Балықты» саяжайларының аумақтарында қорғаныс бөгеттері салынып, қалпына келтірілді.
Сол сияқты су тасқынына қауіпті учаскелер Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарында анықталды, онда осы жылдың соңына дейін алдын алу шаралары мен су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілетін болады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -