Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – халқымыз үшін ерекше күн, себебі осы күні ұлтымыздың болашағының бағдарын айқындаған тарихи шешім қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған, елдігіміздің асқақ рухын танытқан мерейлі сәт. Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабаларымыздың арманы орындалып, еліміз өз тағдырын өз қолына алған күн.
Республика күні – еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістер мен жетістіктердің символы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына бағытталған маңызды бастамаларды көтерді. Әсіресе, экономикалық өсімді жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа саяси реформаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді. Президентіміздің Жолдауында айтылғандай, әрбір азамат ел тағдырына өз үлесін қосуы керек, себебі болашақтың іргетасы бүгін қаланады.
Біз бірлігімізбен және ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы Отанымыздың болашағын жарқын ете аламыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін!
Елдіктің Туы ылайым биік,Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -