Ару қала Алматы тазарып, көгалдана түсті
Алматыда экологиялық жағдайды жақсарту және қаланы көгалдандыру мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы - біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» күзгі акциясы өтіп жатыр. Акция экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланы көгалдандыруға бағытталған. «Жарқын күз» қала тұрғындарының көше тазалау мен 10 мыңнан астам ағаш пен бұта көшеттерін отырғызуына мүмкіндік берді.
Таңертеңнен бастап алматылықтар белсенді түрде көшеттер отырғызып, үйлерінің маңында, көше бойында және қаланың саябақтарында жаңа жасыл аймақ құруға кірісті.Бүгінгі экологиялық акцияға 10 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 300-ден астам техника мен 1755 коммуналдық қызметкер жұмылдырылды.
Ауқымды тазалық жұмыстары барысында рекреациялық аймақтар, саябақтар, скверлер және аула аумақтары тазартылып, шамамен 4 мың текше метр қоқыс жиналды. Жиналған қоқыс қала әкімдігінің күшімен полигонға шығарылды.
Іс-шараның символдық жетістігі 10 мыңнан астам ағаш отырғызу болды. Отырғызылған ағаштар арасында алма ағашы, қарағаш, акация, үйеңкі, шегіршін секілді түрлер бар. Олар ALA паркіне, Гагарин даңғылы бойындағы бульварға, Алатау ауданында, Желтоқсан саябағында, Көкжиек шағын ауданында және тағы басқа жерлерге отырғызылды.
Акция өткен учаскелерде мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -