Қарулы күштердің әскери қызметшілері ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады: Астана қаласы, 01 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарулы күштердің әскери қызметшілері ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Әскери ұжымдар үшін 1 қазан күні ардагерлердің үйіне барып, құттықтап, оларға сыйлықтар беру дәстүрге айналған.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының қорғаныс істері бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның құрметті азаматы Анарбай Мырзахметовті құттықтады.

– Аға буын біз үшін әрдайым үлгі. Оларды нағыз тәлімгер әрі дәстүрді сақтаушылар деп білеміз. Егде жастағы адамдардың естелігі де құнды. Біз олармен үнемі байланыстамыз. Ұдайы қамқорлық жасаймыз, – деп атап өтті Қазығұрт ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор Бағылан Өрісбай.

Қарабау ауылдық округіне қарасты Ұлтас ауылының тұрғындары үшін тірі аңыз болған Анарбай Мырзахметов жұбайы Шәмен екеуі ұлының отбасымен бірге тұрады. 1944 жылы 18 жасар Анарбай өз еркімен соғысқа алынады. Берлинді алуға қатысып, Жеңісті қарсы алды. Майдангер «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

1950 жылы әскерден оралған Анарбай Мырзахметов туған ауылының Шәмен есімді 18 жасар қызына үйленіп, шаңырақ көтереді. Ұзақ жылдар мал шаруашылығы саласында еңбек етіп, қой фермасына басшылық жасады.

Биыл Анарбай Мырзахметұлы 96 жасқа толды. Ал өмірлік серігі Шәмен апай 92 жаста. 74 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешкен қариялар он бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 43 немере сүйіп отыр.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының шығармашылық ұжымы Тараз қаласындағы № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қарттарға концерт берді. Жалпы бұл шығармашылық ұжымды аталған мекеменің тұрақты қонағы деуге болады.

– Қарт адамдарға қуаныш сыйлағанымызды мақтаныш тұтамыз. Біз мұны үлкен құлшыныспен жасаймыз, – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің жетекшісі майор Рүстем Насыров.

Аға ұрпаққа құрмет пен қамқорлық көрсету халқымыздың салт-дәстүрінде бар. Ал бұл қариялардың мерейін өсіреді.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар