ТЖМ қызметкерлері «Қорғаныс министрінің кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына шықты
ТЖМ құрама командасы Астана қаласы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан «Қорғаныс министрі Кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына екінші күн қатысуда.
Біздің спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» тәртібінде 48-ден +70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Талшын Жұмабаева абсолютті салмақ дәрежесінде қоян-қолтық жекпе-жектен әлем кубогының чемпионы атанды. Сағыныш Асылбекова мен Мария Чеботарева «Өзін-өзі қорғау» тәртібінде қола жүлдегері атанды.
Эмилия Ларионова 53 кг салмақ дәрежесінде, Аружан Беркинбаева +70 кг салмақ дәрежесінде финалдық турнирге қатысуда.
ТЖМ қызметкерлері «Batyr team» ведомстволық спорт клубының құрама командасының құрамында бүгін министрлікті халықаралық турнирлерде өнер көрсетуде.
Табысты өнер көрсеткен спортшыларымызды құттықтаймыз!
ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -