Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 тамыздағы жұмыс қорытындылары туралы
2024 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен және олардың борыш жүктемесін азайту шараларын қабылдаумен байланысты болды.
2024 жылғы шілдеде Агенттік қаржы ұйымдары мен микроқаржы ұйымдарының қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 8 445 жолданымын қарады, бұл 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда 10,2%-ға аз.
Жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына тиесілі, ол жолданымдардың жалпы санының 46,4%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 38,9%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,2%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,6%-ын, өзге ұйымдардың 5,6%-ын, қаржы ұйымдарының атауын көрсетпей 1,3%-ын құрады.
Агенттік 2024 жылғы шілдеде 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 54 хаттама бойынша 17,3 млн теңге жалпы сомаға 6 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:
- банктерге – 4 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама бойынша 184,6 мың теңге жалпы сомаға 1 әкімшілік жаза;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 2 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 12 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 51 хаттама бойынша 16,8 млн теңге жалпы сомаға 3 әкімшілік жаза;
- коллекторлық агенттіктерге – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 3 хаттама бойынша 553,8 мың теңге жалпы сомаға 3 әкімшілік жаза қолданылды.
Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктер 201,8 млрд теңге сомаға 32,6 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15,7 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер қарыздары бұрын Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ХӘОТ-қа жататын ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыс жүргізуде. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қосымша қолдау шаралары 10,6 мың қарыз алушыға 87,1 млрд теңге сомасында көрсетілді. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -