Асайын Байханов жеке қабылдау өткізді
Өңір тұрғындары облыс әкіміне электрмен және сумен жабдықтау, жер учаскелерін бөлу, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.
Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Сарышығанақ ауылының тұрғыны қолайсыз ауа-райы кезінде электр қуатының жиі өшуіне және интернеттің әлсіз ұстауына шағымданды. «ПЭТК» АҚ ақпараты бойынша 2025 жылы осы елді мекенге тартылған 27 км тозығы жеткен желілерді ауыстыру жоспарланған. Бұл жұмыстар аталмыш мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.Ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табады. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылы өңірдің 84 ауылында, соның ішінде Сарышығанақта кең жолақты талшықты-оптикалық байланыс желісін салу көзделген.
Тұрғындардың барлық өтініштеріне тиісті түсініктемелер берілді. Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары жеке қабылдауға E-gov, E-otinish.kz және WhatsApp: +77021661661 желісі арқылы жазыла алады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -