Асхат Шахаров: Әлеуметтік нысандардың құрылысына бақылау қатаң
Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында 18 мектеп пен 24 медициналық мекеме салынады. Ұлттық жобалардың іске асырылу барысы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Муздыбаев биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 жаңа білім ордасын пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. Тағы төртеуі - келесі жылы. Ал «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 8 ауданда медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар ашылады. Биыл барлығы 21 жаңа медициналық мекемені халық игілігіне беру жоспарлануда, олардың басым бөлігі ауылдарда орналасқан. Сонымен қатар, 2025 жылы Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарындағы үш аудандық аурухана қайта жаңартылады және қосымша бөлімшелер ашу арқылы көпсалалы ауданаралық аурухана ретінде тұрғындарға көмек көрсетеді.
«18 мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 90 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жаңа мектептердің ашылуы 15 мыңға жуық оқушы орны ашылады. Ақтөбеде 13 мектеп, Темір ауданында - екі, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарында бір-бір мектептен тапсырылады»,
- деп нақтылады Ержан Мұздыбаев.Айта кету керек, жыл соңына дейін тапсырылатын үш жаңа мектеп 2000 оқушыға шақталған. Олар Алтын Орда және Есет батыр шағын аудандарында салынуда.
Баяндаманы тыңдағаннан кейін облыс әкімі басқарма басшыларына, сондай-ақ қала мен аудандардың әкімдеріне өңірдегі ұлттық жобаларды сәтті және уақытылы іске асыруда жауапкершілік маңызды екенін еске салды.
«Президент бастамасымен қолға алынған ұлттық жобалар бүкіл елдің болашағы үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Мемлекет балаларымыздың жайлы жағдайда оқуы үшін, халықтың ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуі үшін үлкен қаражат бөліп жатыр. Біздің міндетіміз - осы жобаларды іске асыру. Нысандардың құрылысына тұрақты бақылау жүргізіп отыру керектігін талап етемін. Әрбір ұсақ-түйекті ескеру қажет. Орындалған жұмыстардың сапасы үшін де сұраныс қатаң болады»,
- деді өңір басшысы.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -