Ашық аспан астындағы қауіпсіз балалық шақ
Батыс Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы мен № 5 өрт сөндіру бөлімі базасында су айдындарында жазатайым оқиғалардың туындау қаупін азайту, сондай-ақ, балаларды су, өрт қауіпсіздігі дағдыларына үйрету және білімін нығайту мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Бұл шараның негізгі міндеттері – балаларға су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік дағдылары мен мәдениетіне үйрету, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету бойынша практикалық сабақ көрсету, құтқарушы және өрт сөндіруші мамандығымен таныстыру болып табылады. Іс-шараға 150-ден аса бала қатысты.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -