Астана қаласында Павлодар облысының әкімдігі мен ЕҚДБ арасында трамвай желісін жаңғырту жөніндегі жобаны қолдау туралы келісім-шартқа қол қойылды
Астана қаласында Павлодар облысының әкімдігі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасында трамвай желісін жаңғырту жөніндегі жобаны қолдау туралы келісім-шартқа, сондай-ақ, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ мен ЕҚДБ арасында несиелік келісімге қол қойылды.Іс-шараға ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо және облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов қатысты.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап жергілікті мемлекеттік органдар трамвай желісін жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін пысықтады. Барлық шарттарды зерделеп, ЕҚДБ арқылы несие алу туралы шешім қабылданды.Банк 25 жаңа трамвай сатып алу үшін 5 млрд. теңге қаражат бөледі. Вагондарды жеткізушілерге қойылатын міндетті шарт - экология, қауіпсіздік және энергия үнемдеудің үздік салалық стандарттарына сәйкес болуы, сондай-ақ, вагондардың 20 км дейін автономды жүру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.Серік Батырғұжинов қаржы институтының басшысына облыс орталығының трамвай жүйесін жаңғырту жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Бұл жолаушы тасымалының сапасын едәуір арттырып, қозғалыс аралығын қысқартуға мүмкіндік береді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -