«Астана – біздің рухани ордамыз»: елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді: Астана қаласы, 03 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Астана – біздің рухани ордамыз»: елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді

Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдығына орай және Астана күнін мерекелеу аясында Қаламгерлер аллеясында 5 шілде күні сағат 11:00-де «Астана – біздің рухани ордамыз!» атты «KITAPHANA FEST» - 2024 ауқымды кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«KITAPHANA FEST» кітап фестивалі – 2019 жылдан бері өткізіліп жатқан қалалық ауқымдағы тұңғыш кітап фестивалі. Бүгінгі таңда фестиваль аясында белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітаптың тұсауы кесілді.

Іс-шараның мақсаты – мәдени іс-шара арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, қоғамның мәдени деңгейін көтеру, белгілі ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастыру.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде танылған көрмеде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен кітаптар ұсынылатын болады. Фестиваль аясында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар іс-шараға Сәуле Досжан, Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ, Динара Оспанова сынды және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысады. Фестиваль аясында қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастау мүмкіндігіне ие болады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламалары күтеді.

Қосымша ақпарат үшін: +7 701 327 37 08, +7 701 448 79 50.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдығына орай және Астана күнін мерекелеу аясында Қаламгерлер аллеясында 5 шілде күні сағат 11:00-де «Астана – біздің рухани ордамыз!» атты «KITAPHANA FEST» - 2024 ауқымды кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«KITAPHANA FEST» кітап фестивалі – 2019 жылдан бері өткізіліп жатқан қалалық ауқымдағы тұңғыш кітап фестивалі. Бүгінгі таңда фестиваль аясында белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітаптың тұсауы кесілді.

Іс-шараның мақсаты – мәдени іс-шара арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, қоғамның мәдени деңгейін көтеру, белгілі ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастыру.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде танылған көрмеде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен кітаптар ұсынылатын болады. Фестиваль аясында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар іс-шараға Сәуле Досжан, Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ, Динара Оспанова сынды және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысады. Фестиваль аясында қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастау мүмкіндігіне ие болады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламалары күтеді.

Қосымша ақпарат үшін: +7 701 327 37 08, +7 701 448 79 50.

Аймақтағы жаңалықтар