Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Ерик Мейрханов тағайындалды.
Ол еңбек жолын Халықаралық Мұнай-газ компаниясында бастаған. 2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамырына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті. Соңғы жылдары ҚР Президенті Протокол қызметінің инспекторы, қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -