Астана күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды
Ақмола облысында халықты баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Облыс орталығы мен Зеренді ауданындағы отбасылар жайлы үйлерден пәтер алып үлгерді. Бүгін Қосшы қаласында халықтың әлеуметтік топтарынан шыққан 20 отбасы – ҰОС ардагеріне, көп балалы аналар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға «Dream Park» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтердің кілті берілді.
Жаңа тұрғындардың қуанышын бөлісуге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов келді.
«Бүгінгі іс-шара Мемлекет басшысының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саясатының айқын көрсеткіші және нақты жүзеге асырылуының көрнісі. Өз шаңырғағыңда өмір сүру - әр отбасы үшін үлкен мереке. Өңірде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алуда. Тек соңғы жылдары облыста тұрғын үй құрылысына 200 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 2 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде, шамамен 12 мың ақмолалық отбасы баспана мәселесін шеше алды», - деді облыс әкімі.
Бүгін Қосшыда пәтер алғандардың қатарында жас тұрғындар Муштаенко Максим мен Глазков Владимир бар.
«Мен немерелерімнің қамқоршысымын. Біз бүгінгі қуанышты ұзақ күттік. Мемлекет басшысына азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасап, баспана мәселесін шешіп, қамқорлық танытып жатқанына алғысымды білдіремін"- дейді Леонид Муштаенко.
Айта кетсек, Қосшы қала мәртебесін алғаннан бері 267 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2384 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік туды.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін Қосшы қаласынан тағы 100-ге жуық пәтерді азаматтарға сатып алу жоспарлануда. Бұл шара көп балалы отбасылардың, жетімдердің, мүгедектердің және басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттағы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -