Астана мен Прага ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын болады: Астана қаласы, 01 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астана мен Прага ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын болады

Прага, 2024 жылғы 31 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Прагаға жұмыс сапарымен барып, оның барысында Чехия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Йиржи Козакпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қоса алғанда, түрлі салалардағы қазақ-чех қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Саяси байланыстарды дамытуға және 2024 жылдың екінші жартысында өткізілуі жоспарланып отырған Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын дайындауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық сипаттағы және БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар Астана мен Прага өзара тиімді және достық қарым-қатынас орнатқанын және жоғары деңгейдегі байланыстар оның негізі екенін атап өтті. Мемлекет пен үкімет басшыларының кездесулері тараптардың сенімді және сындарлы қарым-қатынастарды дамытуға деген ұмтылысын растайды.

Қазақ тарапы Skoda Transportation, Ferrit, Zetor, Sklostroj, Omnipol, Tatra, PRIMOCO UAV SE және басқа да чех компанияларымен ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытты. Аталған компаниялардың халықаралық нарықтарда айтарлықтай тәжірибесі мен беделі бар, олардың технологиялары мен өнімдері Қазақстан экономикасының түрлі секторлары үшін пайдалы болуы мүмкін.

Р.Василенко Прага хайуанаттар бағының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Пржевальский жылқыларын реинтродукциялау бойынша бастамасы ерекше назарға лайық екенін атап өтті. Бірлескен күш-жігермен осы жылдың маусым айында Қазақстанға 7 жылқыдан тұратын бірінші топ сәтті тасымалданып, орналастырылды. Бұл елімізде осы бірегей түрдің популяциясын қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болды.

Қазақстандық дипломат: «Бұл жоба жабайы табиғаттың сирек кездесетін түрлерінің бірін сақтауға айтарлықтай үлес қосады. Даланың символы болып табылатын Пржевальский жылқылары қазақ даласында өз орнын табады, соның арқасында экожүйелер қалпына келтіріліп, биологиялық әртүрлілік сақталады», – деп айтты.

Прагада болу кезінде Р.Василенко соңғы 20 жыл ішінде жаһандық деңгейде, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропада стратегиялық мәселелерді талқылауға арналған платформа болып табылатын GLOBSEC-2024 халықаралық форумына қатысты.

Форум аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ұлыбритания, Норвегия, Словения және т.б. елдердің әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Анықтама: ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты сауда көлемі 2023 жылы 626,8 млн АҚШ долларын құрады (+48,4%) (экспорт – 147,7 млн, 19,4%-ға өсім, импорт –479,1 млн, 60,5%-ға өсім). 2024 жылғы қаңтар-шілдеде өзара сауда 275,3 млн долларға жетті.

2005 жылдан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Чехиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 329,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде 2021 жылы – 22,3 млн, 2022 жылы – 21,6 млн, 2023 жылы – 48 млн доллар. 2024 жылдың 1-тоқсанында бұл көрсеткіш 13,8 млн АҚШ долларына дейін жетті. Қазақстанда чех капиталының қатысуымен 150-ге жуық заңды тұлға жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz