Конституциялық Сот қылмыстық-атқару заңнамасының уақыт бойынша қолданылуы туралы нормасын тексереді
Конституциялық Сотта азаматтардың өтініштері бойынша Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабының екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырыс өтті.
Тексерудің құқықтық негізі: Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабының екінші бөлігіне сәйкес жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу, сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану, сондай-ақ босатылатын сотталғандарға көмек көрсету оларды орындау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің пікірі:
Қылмыстық-атқару кодексінің нормасы Конституцияның жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды деген нормасына сәйкес келмейді. Соның салдарынан соттар сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арыздарын қараған кезде олардың жағдайын нашарлатуы мүмкін болса да, кейіннен, үкімді орындау кезеңінде күшіне енген нормаларды қолданады.
Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:
Өтініш иелері, адвокат, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, ішкі істер, әділет министрліктерінің, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері.
Баяндамашы судья: Оңғарбаев Е.А.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -