Астана процесі аясында өтетін Сирия мәселесі бойынша 22-ші халықаралық кездесуге бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу туралы
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2024 жылғы 11-12 қарашада Астана қаласында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді.
Бірінші күні делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өткізіледі, келесі күні кездесулер жалғасып, олардың қорытындысы бойынша пленарлық отырыстың өтуі және баспасөз конференциясы берілуі жоспарлануда.
Кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы; САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер; Сириядағы «жергілікті» жағдай; Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу; Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.Сирия мәселесі бойынша өтетін 22-ші халықаралық кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеуге БАҚ өкілдерін шақырамыз. Отырыс ү.ж. 12 қарашада Д. Қонаев көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан «Rixos» қонақ үйінде өтеді (отырыстың басталу уақыты қосымша хабарланады).
Осыған байланысты ү.ж. 11 қарашада сағат 12:00-ге дейін келесі сілтеме арқылы аккредиттеу нысанын толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/BGTfwufjcGEr7dAU6
Аккредиттеу мәселелері бойынша +7 (7172) 72-02-36 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -