Астана тұрғыны алты айда бірнеше кәсіпті меңгерді: Астана қаласы, 22 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астана тұрғыны алты айда бірнеше кәсіпті меңгерді

JOLTAP әлеуметтік жобасы аясындағы қысқа мерзімді курстардың арқасында Астана тұрғыны Фариза Дәулетова түрлі мамандықтарды меңгерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фариза Дәулетова «Хас Шебер» байқауының туын тігіп, 300 қатысушының бірі ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 2021 жылы астаналық «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып, бизнесі үшін грант жеңіп алды. Бірақ кейінірек бизнесін тоқтатуға мәжбүр болды. Фариза JOLTAP жобасы туралы Asia Park СОО жанындағы мобильді пунктен білді.

«Мен ол кезде сауда өкілі болып жұмыс істедім, бірақ тігіншілікке деген қызығушылығым күшейе түсті. 2023 жылдың қарашасында мобилография және тігінші курстарына жазылдым. Екі айдан кейін қоңырау шалып, сабаққа шақырды. Бастапқыда мобилограф болып оқыдым, онда біздің оқытушымыз Кәмшат Қапар болды. Бұл сабақтарда көп нәрсені үйрендім: ракусты таңдау, пост жазу және басқа да көптеген әдіс-тәсілдер. Бұл мамандықтар жақында бастайтын бизнесімді дөңгелетуге септігін тигізеді. Содан кейін модельер-конструктор ретінде оқыдым. Бұл салада еңбек өтілім үлкен және түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері болған Анара Сәду бізге сабақ берді. Содан кейін тігінші курстарында оқыдым, онда оверлокты қалай пайдалану керектігін білдім, сонымен қатар жағаларды қалай тігу керектігін үйрендім. Осыдан кейін бухгалтер курсына жазылдым. Бұл білім маған бизнесімді жүргізуге көмектеседі. Жақында әпкем ателье ашуды жоспарлап отырған ғимаратты сатып алды», - деп атап өтті қысқа мерзімді курстардың түлегі.

Кейінірек ол графикалық дизайн және видеомонтаждау бойынша оқығанын айтты.

«Ноутбук пайдалануды жөнді білмесем де әрі Adobe Photoshop бағдарламасын жүктей алмасам да бұл курстардан көп нәрсе білдім. Бізге мұғалім Дәулет Әждардың дәрісті қалай үйреткені ұнады. Бұл бізге жаңа білім алуға және оны іс жүзінде жетілдіруге тамаша мүмкіндік берді. Жоба ұйымдастырушыларына берілген мүмкіндік үшін ризамын. Оқытушы Анар Төлегенқызын ерекше атап өткім келеді, ол үлкен тәжірибеге ие және білгенін оқушыларына керемет түсіндіре алады. Бір кездері ол халықаралық компанияда жұмыс істеген және өз ісін жақсы біледі, сонымен бірге өз білімін өзгелерге барынша үйретуге тырысады. Сондай-ақ, бухгалтерия оқытушысы Гүлмира Бейсембаевты атап өтемін, оның алғашқы оқушыларының бірі болдым. Жеке кәсіпкерлікті басқаруда өзім үшін көп нәрсені аштым, бұл маған бизнесті жүргізуде де пайдалы болмақ. Оқу барысында маған теориялық сабақтарға ғана емес, практикадан өтуге арналған кабинеттер өте ұнады. Дамуға қажетті барлық жағдай жасалған. Бұл елорда тұрғындары үшін керемет мүмкіндік», — деді ол.

Фариза бас-аяғы бес ай бойы оқыды. Ол жайнамаз, жастық тігеді, арнайы сүлгілерге кесте тігеді. Осылайша өз ательесін ашуға дайындалып жүр. Осы жобаның арқасында көп нәрсені үйренгенін және осындай жобалардың бүкіл Қазақстан бойынша ашылғанын қалайтынын атап өтті. Ол өз елінің гүлденіп жатқанын көруді армандайды және қолынан келген барлық нәрсені жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, JOLTAP жобасының басты мақсаты – елорда тұрғындарына табысын, кәсіби біліктілігін арттыруға көмек көрсету. Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері қаланың әр түкпірінде орналасқан және күн сайын, демалыс күндерінсіз жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар