Астанада 13 жылдық тарихы бар нысанның құрылысы аяқталды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысан туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Құрылысы ұзаққа созылған кезекті нысанды аяқтадық. «Мирный дом» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. Жосықсыз құрылыс салушы тұрғын үй кешенінде жоспарланған пәтерден көп сатып жіберген. Нақтырақ айтқанда, жобада жоқ пәтерлер сатылған. Жоспарда жоқ пәтерді сатып алған үлескерлер үшін баспана тапшылығын ескере отырып, әкімдік екі тұрғын үй-құрылыс кооперативін құруды ұсынды: «Баспана Көктал» және «Мой мирный Дом».
Сатып алушылардың пәтерлерін аяқтау үшін, «Мой мирный Дом» екінші ТҚК үлескерлері үшін жеке жер учаскесі бөлінді. «Баспана Көктал» тұрғын үй кешені аяқталып, пайдалануға берілді», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -