Астанада алғаш рет футболдан аналар командасы құрылды
Астана қаласындағы Сырбай Мауленов атындағы № 37 мектеп-лицейінде алғаш рет “Арыс 37” атты футболдан аналар командасы құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Биылғы мамыр айында құрылған команда құрамында шаштараз, жеке кәсіпкер, есепші, мұғалім және бала күтімімен үйде отырған аналар бар. Олардың мақсаты - салауатты өмір салтын сақтау. Сонымен қатар жыл сайын аналар арасында Мәскеуде өтетін чемпионатқа еліміздің намысын қорғамақ. Оған қолдау көрсететін демеушілерді де табылған.
Қауырт жұмыстарына қарамастан аптасына үш рет кешкі уақытта бас қосып, доп теуіп, жаттығу өткізетін аналар спорттың бұл түріне өз қызығушылықтарымен келгендерін айтады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -