Астанада қала күніне орай «Асыл Мұра» концерті өтті
Астана күнін мерекелеу аясында Ұлттық домбыра күніне орай Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында дәстүрлі ән орындаушылардың «Асыл Мұра» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Арнайы елорда күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл концерттің басты мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан сазы мен сарыны бөлек әндерін орындап, ұмыт болып бара жатқан әуендерді ел жадында қайта жаңғырту.
Мерекелік кеште Рамазан Стамғазиев, Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Әлихан Дүйсенбай, Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Зинат Қасымова, Өзгеріс Шерікбай, Айдос Оңғарбай, Закирбек Дүйшөнбек (Қырғыстан) қатарлы елге танымал өнерпаздар ән айтып, көрерменнің алқауына бөленді.
«Астанамыздың туған күнін жыл сайын осындай мерекелік көңіл күймен қарсы аламыз. Бүгін қазақтың халық әндерін естіп, рухани серпіліп қалдық. Шын мәнінде біздің асыл мұрамыз да, байлығымыз да сол көнеден қалған ән-жырлар ғой. Онда бір бөлекше сарын бар. Қазақ халқының әндерінің әуенінде адамның көңіл күйін көтеріп, тыңдаған адамның жүрегін тыныштандыратын белгісіз бір құдірет жасырынып жатады», – дейді Астана қаласының тұрғыны Эльмира Думан.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -