Астанада Қарқаралы тас жолының учаскесі ішінара жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Жұлдыз" айналымынан бастап көлік айырығына дейінгі учаскесінде Қарқаралы тас жолының төсеміне үстіңгі қабатын салу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қозғалыс көрсетілген учаскеде 4-7 тамыз аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -