Астанада «Қараөткел» көпіріндегі жол төсеміне жөндеу жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж.Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі «Қараөткел» көпіріндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -