Астанада қазақстандық әртістердің концерті өтпейтін болды
Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушылық себептерге байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Хит жұлдыздар ән кеші» концертіне Sadraddin, Adam, Qanay, Baller, Тұрар Ыдырыс, Жігер Ауыпбаев қатысуы керек еді. Жеке ұйымдастырушының ұйымдастырушылық мәселелеріне байланысты іс-шара өтпейтін болды.
Ұйымдастырушылар билет сатып алғандардың қаражаты толықтай қайтарылатынын мәлім етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -