Елордада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды: Астана қаласы, 26 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Елордада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

Зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары туралы көпшіліктің хабардар болуын арттыру бағытында бүгін елордада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» науқаны басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Науқанныі негізгі мақсат - тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және онымен күресу. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның, дағдарыс орталықтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан мәлімдеді.

«Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның нәтижелі жұмысы оның құрамына тікелей байланысты. Комиссия құрамында 32 адам бар, олар: қалалық мәслихат депутаттары, қалалық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары, үкіметтік емес сектордың басшылары, әртүрлі қоғамдық және жеке қорлардың өкілдері, әйелдер кәсіпорындарының директорлары, дағдарыс орталықтарының өкілдері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, журналистер және т.б. Құрамдағы осындай кең ауқымды қатысушылар әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау, отбасылық-демографиялық саясатты нығайту мәселелерін толық қамтуға ықпал етеді», - деді Назгүл Мақжан.

Комиссия құрамында үш жұмыс тобы құрылған. Яғни әйел көшбасшылығы, қиын өмірлік жағдайдағы әйелдер, отбасылық құндылықтар бағытында жұмыс жүргізіледі. Көпбалалы отбасыларға, қиын жағдайда қалған әйелдерге қолдау көрсетіп келе жатқан комиссия 2024 жылы 80-нен астам іс-шара өткізген.

Назгүл Сейітқожақызының мәліметінше, елорда тұрғындарының жалпы 52,4 пайызын әйелдер құрайды. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана тұрғындарының саны 1 464 415 адам болса, оның 768 181-і – әйелдер.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық науқаны дәстүрлі түрде 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні басталып, 10 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күні аяқталады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар