Астанада демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады
Астанада Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін жерінің өзгеруіне байланысты жабылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жуырда елорда мен өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астанада өз жұмысын қайта бастады. Алайда өтетін орны өзгереді. Жаңа орын туралы қосымша хабарланады. Айта кетейік, жәрмеңкеге елордалық және өңірлік тауар өндірушілер қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, 29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында күн сайын жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. «Рио-де-Жанейро» ТК (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23) қарама-қарсы орналасқан жаңа жәрмеңке келушілер үшін күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге.дейін жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -