Астанада хостелдер мен жатақханаларда өрт қауіпсіздігінің сақталуы тексеріліп жатыр
Елорданың Сарыарқа ауданында мамандар хостелдер, қонақ үйлер мен жатақханаларда өрт қауіпсіздігін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Аудан әкімі аппаратының мамандары төтенше жағдайлар және полиция бөлімдерімен бірлесе отырып, хостелдер, қонақ үйлер мен жатақханаларда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруде. Алдын алу шаралары кезінде құтқарушылар кәсіп иелерін өрт қауіпсіздігі талаптары туралы хабардар етеді.
Ауданда ресми тіркелген 6 жатақхана бар. Жыл басынан бері 9 жатақхана стандартқа сай келмегендіктен тексеріс барысында жабылды. Тексерулер нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды, олардың ішінде ең жиі кездесетіні автоматты өрт дабылының болмауы және алғашқы өрт сөндіру құралдарының дұрыс жұмыс істемеуі болды.
Ауданда өрт қауіпсіздігін жақсарту жұмысы жалғасуда. Анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау азаматтардың өмірі мен мүлкін барынша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын болады.
Рейдтік тексерулер елорданың барлық ауданын қамтиды және жыл бойы жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -