Астанада күрделі жөндеуден өткен аула қолданысқа берілді
Елордада Республика күніне және Астана қалалық мәслихатының 30 жылдығына орай қаладағы «Сенім» тұрғын үй кешенінде күрделі жөңдеу жүргізілген жаңа аула пайдалануға берілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Ашылу салтанатына қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қатысты.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов тұрғындарға қолайлы жағдай жасау маңызды екенін айтып, жиналған қауымды келе жатқан Республика күнімен құттықтады.
«Бүгінгі «Сенім» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен бірге жаңа ауланың ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Нұра ауданы – жалпы қаламыздығы бесінші аудан. Өздеріңіз білетіндей, Есіл ауданы екіге бөлінді. Бұл халыққа ыңғайлы болу үшін және мемлекеттік қызметтерді уақытында сапалы алу үшін жасалды. Бұл қаламызда жаңадан дамып келе жатқан жаңа аудандардың бірі деп айтуға болады. Осы орайда барша тұрғындарды Республика күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді Ерлан Каналимов.
Аулада спортпен айналысуға арналған тренажерлер және балалар ойын алаңы жаңартылған. Асфальт жабыны ауыстырылып, қоршаулар қойылған. Сонымен қатар орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.
Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізілуде, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -