Астанада «Кемел жігіт – күйеу бала» ұлттық зияткерлік курсының ашылу рәсімі өтті: Астана қаласы, 16 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астанада «Кемел жігіт – күйеу бала» ұлттық зияткерлік курсының ашылу рәсімі өтті

«Бәйтерек» монументінің алаңында «Кемел жігіт – күйеу бала» ұлттық зияткерлік курсының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы және Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Әнұран орындалғаннан кейін алғашқы сөз Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовке берілді. «Кемел жігіт – күйеу бала» зияткерлік курсына қатысып жатқан жастарға егеменді еліміздің жастардың рухани, ғылыми, мәдени дамуына мемлекет тарапынан көп қолдау білдіріп жатқанын айта келе, жастарды отансүйгіштік пен ауызбіршілікке, ел тарихы мен мәдениетін ұмытпауға, үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет білдіруге үндеді.

Келесі сөз кезегі «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Асановқа берілді. Бас имам зияткерлік курстың атауының маңыздылығына тоқталып, әрбір жас – болашақ әке мен болашақ ана екеніне тоқтала келе, халқымыздың сан түрлі салт-дәстүрлерінің құндылықтарын ұмытпауға шақырды. Имандылықты бойымызға сіңіруден бөлек, тәнімізді шынықтыру арқылы кемелдікке қол жеткізуге болатынын еске салып, бүгінгі сапарға шыққалы отырғандарға ақ жол тіледі.

Айта кету керек, «Кемел жігіт – күйеу бала» ұлттық зияткерлік курсы «Бурабай» ұлттық паркінің аумағындағы «Жеті қазына» этно ауылында екі күн бойы өтеді. Бұл курстың мақсаты – жастар арасындағы ұлттық құндылықтар мен тарихи сананы жаңғырту, қазақ болмысы мен дәстүрлерін дәріптеу. Іс-шараға 60 бала қатысты.

Курс барысында теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі. Теориялық сабақтар «Қазақ тарихы мен дәстүрлері», «Мақал-мәтелдердегі ұлттық тәрбие», «Жігіттің үш жұрты» бағыттарын қамтиды. Практикалық сабақтар жасөспірімдерге мал сою, оны жіліктеу, тұздау, үйіту әдістемесі, ет турау, табақ тарту, жылқы жануарының қасиеттері, ат әбзелдерімен танысу, атқа міну және садақ ату және т.б. сияқты дәстүрлі дағдыларды тәрбиелеуге арналған.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар