Астанада мектеп оқушылары «Сәлем саған туған ел» әнін орындап, ерекше бейнебаян түсірді
Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының оқушылары Республика күніне орай «Сәлем саған туған ел» әнін орындап, ерекше бейнеклип түсірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бейнеклип Астананың әсем жерлерінде түсірілген.
«Қазір цифрлы технологияның дамыған кезеңі. Біз соның оңтайлы тұсын өзімізге пайдалануға тырысамыз. Мектебімізде өнерге жақын балалар көп. Олар маған осы ұсынысты айтқаннан кейін қолдай кеттім», - дейді Ақмоншақ Нұртазақызы.
Айта кетейік, мұндай сапалы клипті мектеп ұжымы әр мерекеде оқушылармен түсіруді дәстүрге айналдырып келеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -