Астанада мектеп оқушысы 5 жасар баланы құтқарғаны үшін марапатталды
23 мамырда Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Щыңғыс Әріновтың бұйрығына сәйкес адам құтқару кезінде батылдық пен өжеттілік танытқаны үшін №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов марапатталды.
Мектеп жиналысында Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков Ақан Әкімжановты және оның ата-анасын ҚР ТЖ министрінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтарды ұсынды.
«Ақанның көрсеткен ерлігінің арқасында адам өмірі құтқарылды. Әр бала, әр азамат батылдық пен батырлық таныта отырып, қиын сәтте көмекке келе алатын болса, онда ол нағыз – құтқарушы. Осындай баланы тәрбиелеген ата-анасы мен мектеп ұжымына алғыс білдіреміз», - деп атап өтті қалалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков.
Естеріңізге сала кетейік, ол 20 мамырда Астанадағы көп қабатты үйлердің ауласында жүріп, 4-қабаттағы балкон қоршауында ілініп тұрған балаға көмек көрсетті. Жедел 4-қабатқа көтеріліп 5 жасар баланы құтқарды.
Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -