Астанада қонақүйлердің Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы делегацияларды қабылдауға дайындығы көрсетілді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы ДКО-ға келетін делегациялар орналастырылатын қонақ үйлердің дайындығы мен жұмысын ұйымдастыру бойынша презентация өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Дирекция басшысы Наиль Нұров Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа қонақүйлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды ұсынды. Атап айтқанда, жұмысты ұйымдастыру, келу маршруттары, навигация, ойын стиліндегі көлікті безендіру, сондай-ақ қонақ үйлердегі еріктілердің жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар делегация мүшелерін орналастыру үшін нөмірлер туралы ақпарат берілді.
Одан кейін жұмыс тобы нысанның ойындарға дайындығымен танысу үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барды.
Жауапты мамандар нысанға кіруді басқару және бақылау жүйесін, сондай-ақ билеттерді тексеру және аккредиттеу процесін тексерді. Сонымен қатар бейдждер мен билеттердегі QR кодтарын қолдана отырып, көрермендердің кіруі қалай ұйымдастырылатыны егжей-тегжейлі зерттелді.
Айта кету керек, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Астанада өтетін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/ru.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -