Астанада «Open Air» ең ауқымды фестивалі өтеді
6 шілде күні Елорда күнін мерекелеу аясында «Open Air» мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жылдың ең ауқымды «Open Air» фестивалі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – танымал қазақстандық әртістердің талантын дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту, отандық орындаушыларды біріктіру, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау.
Кеш қонақтары Құрмаш Махан, Нұрлан мен Мұрат, Ninety one, Orda, Kalifarniya, M 'Dee, Nazima, Alpha, T' OI, Imzi, Ayau, Bonapart сияқты отандық эстрада жұлдыздары болады.
Фестиваль «ЭКСПО» аумағында 6 шілдеде сағат 18:00-де өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -