Астанада Республика күніне орай мерекелік автошеру өтті
Елордада Республика күніне орай автошеру өткізілді. Оған Мемлекеттік тумен безендірілген 40-қа жуық жеңіл автокөлік қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті республика күніне орайластырылған мерекелер аясында «Астана жастары» ЖРО-мен бірлесіп, мерекелік автошеру ұйымдастырды.
Еліміздің жалауы бар автомобильдер елорданың даңғылдары мен көшелерімен жүріп өтті.
«Баршаңызды ұлы іс-шаралардың бірі – Республика күнін мерекелеумен құттықтаймын. Бүгін біз 20 шақырымдық маршрутты жүріп өттік. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік мерекелерді есте сақтау және бағалау үшін маңызды», - деп атап өтті Астана автомотоспорт федерациясының басшысы Анатолий Бондарь.
«Біз бұл күн елімізде жоғары деңгейде аталып өтетінін көрсеткіміз келді. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерді. Мұндай іс-шаралар еліміздің әр қаласында өтеді. Бұл автошеру нағыз челлендж бен дәстүрге айналады деп үміттенеміз. Мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіледі. Іс-шараны қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз», - деді Жастар және отбасы істері комитетінің жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Ақұлан Тастемір.
Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, соның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және тағы басқалар өткізу жоспарланған.
Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т. б. орындарда өтеді.
Сондай-ақ 25 қазан күні сағат 21:00-де Астанадағы Триатлон паркінің (Пирс ауданы) аумағында демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -