Астанада «Сәтті сәрсені» экоакциясы өткізілді
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордада «Сәтті сәрсенбі» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Экоакция «Железнодорожный» тұрғын алабында орналасқан қар полигонының аумағында өтті. Тазалауға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 100 қатысушысы жұмылдырылды.
«Акцияға көбіне жасөспірімдер қатысатындықтан, қар полигонының аумағы орын ретінде таңдалды. Ол қауіпсіздігімен, жүріс бөлігінің және өзендер мен көлдер сияқты ықтимал қауіпті табиғи нысандардың болмауымен, сондай-ақ кірме жолдардың болуымен ерекшеленеді», - деп түсіндірді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Нұрмат Әбдірайымов.
«Сәтті сәрсені» акциясы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау мақсатында өткізіледі.
«Біз қоқысты жинап, қаланы таза ету үшін Алматы ауданына бардық. Мұндай іс-шаралар біздің ортақ мәселелерімізді бірге шеше отырып, халықты біріктіруге көмектеседі», - деді «Жасыл ел» жауынгері Қайрат Уәлихан.
Іс-шара Алматы ауданы әкімдігінің, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар қаланы тазарту бойынша акциялар апта сайын өткізілетінін атап өтті.
Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХХ еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 4200-ден астам жастар жұмыспен қамтылатын болады. Олар қаланың нысандарын, соның ішінде «Жасыл белдеу» аумағында, әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беру мекемелерінің аумағында, қалалық саябақтарда, көгалдандыруға қатысады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -