ҚАЗАҚСТАН ТЖМ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШЭНЬЧЖЭНЕДЕГІ HYTERA ЗАУЫТЫНА БАРДЫ
Шэньчжэнь, Қытай- 2024 жылғы 25 қараша. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы Қытайдың Шэньчжэнь қаласында орналасқан Hytera компаниясының радиожабдықтар саласындағы әлемдік көшбасшы зауытына барды. Аталмыш сапар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және радиобайланыс саласындағы озық тәжірибемен алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Делегацияны Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқарды. Ол төтенше жағдайларда жедел ден қою тиімділігін арттыру үшін байланыс технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан сенімді және жедел байланысты қамтамасыз ету үшін ең заманауи шешімдерді біріктіруге ұмтылады.
Сапар барысында Қазақстан ТЖМ делегациясы компанияның озық өндірістік қуаттарымен танысып, радиобайланыс саласындағы жаңа әзірлемелер мен инновацияларды көрді. Байланыс және инфрақұрылымы жоқ аймақтардағы төтенше жағдайларда да тұрақты байланысқа кепілдік бере алатын мобильді цифрлық радио жүйелерге ерекше назар аударылды. Мәселен ірі зілзалалар, техногендік апаттар және құтқару операциялары кезінде.
Hytera сарапшылары шұғыл қызметтердің жұмысын қолдауға арналған негізгі шешімдерді, соның ішінде соңғы ұялы байланыс жабдықтарын, төтенше жағдайлар жүйелерін және төтенше жағдайларды қолдау құрылғыларын көрсетті. Бұл технологиялар әртүрлі қызметтер арасындағы жедел байланысты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады және оқиға орнында үйлестіру жұмысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар делегация Hytera басшылығымен жұмыс кездесуі өткен компанияның бас штаб-пәтеріне болды. Кездесу кезінде жедел дайындықты күшейту және азаматтық қорғау саласындағы қауіпсіздікті арттыру үшін компания жабдықтарын қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
"Жақында ТЖМ-нің авиацияны қолдана отырып, биік ғимараттағы өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығуы борттармен байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Ведомство басшысы бізге онлайн, соның ішінде түнгі уақытта радио және бейне сигнал беру үшін қолда бар борттарды жетілдіруді тапсырды. Біз Hytera компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз және серіктестігіміз Қазақстандағы Төтенше жағдайлар кезінде байланыс сапасын және жедел ден қоюды айтарлықтай жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз", – деп Қазақстан ТЖ вице-министрі атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша 43 базалық станцияны жеткізу шарттарын егжей-тегжейлі талқылау үшін одан әрі жұмыс кездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл Қазақстанның 49 қаласы мен барлық аудандарында бірыңғай жедел байланыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -