Астанада шахматтан клубтық әлем чемпионаты өтеді
Астанада рапид пен блицтан клубтық әлем чемпионаты 1-6 тамыз аралығында ФИДЕ қамқорлығымен Қазақстанның шахмат федерациясы өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирге әртүрлі елдерден 30-дан астам клуб қатысады, қатысушылар саны – 300-ге жуық.
Олардың арасында қазіргі әлем чемпиондары Дин Лижен (Қытай) және Джу Вэньцзюнь (Қытай), шахматтан 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюк (Швейцария) және Хоу Ифань (Қытай), әлемнің вице-чемпионы Ян Непомнящий (Ресей), Арджун Эригаси (Үндістан), 2022 жылғы шахмат олимпиадасының жеңімпазы Нодирбек Абдусатторов (Өзбекстан) және әлемнің басқа да көптеген шахматшылары бар.
Әлем чемпионатынан дүние жүзіндегі ең ірі ақпарат агенттіктері хабар таратады және оларды әлемнің 200-ден астам елінен келген шахмат әуесқойлары бақылайды.
Әлем чемпионаты Астананың Конгресс-орталығында, қатысушылар мен көрермендер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін елорданың ең ірі және заманауи көрме орталықтарының бірінде өтеді.
FIDE World Team Rapid and Blitz Championships ашылу салтанаты 1 тамызда Астана амфитеатрында өтеді. Ол 45-ші шахмат Олимпиадасының алауын жағу рәсімімен біріктіріледі.Чемпионат екі жарыстан тұрады – рапид және блиц.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 350 000 еуроны құрайды, оның 250 000 еуросы рапидке, ал 100 000 еуросы блицке кетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -