Астанада шикізаттық емес экспорт мәселелері бойынша B2G диалог өтеді
2024 жылғы 12 шілдеде Астанада тауарлар мен қызметтер экспортын дамытуға арналған кездесу өтеді.Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» АҚ.
Кездесуде экспорттаушыларға экспорттық қызметті табысты дамытуға көмектесетін негізгі мәселелер талқыланады:
• Экспорттық стратегия және жоспарлау• Өнімді халықаралық нарықтарға жылжыту• Логистиканы оңтайландыру• Экспортты қолдау шаралары• Агроөнеркәсіптік экспортты дамытуБұл өзекті ақпарат алуға, тәжірибе алмасуға және пайдалы байланыстар орнатуға бірегей мүмкіндік.
Барлық экспорттаушыларды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Іс-шара «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өтеді, мекенжайы: Астана қ., Мәнгілік ел даңғылы 53/1.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 8 778 674 88 47, 8 775 371 04 27.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -