Астанада тұтынушылар құқығы қалай қорғалады?
Астанада тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмысы заңнамада көрсетілген талаптар бойынша жүргізіледі. елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев осы бағытта қандай шаруалар жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Департамент басшысының айтуынша, тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау мәселелері 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
«Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуын жою және тұтынушыға тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтармен келтірілген залалды ерікті тәртіппен өтеу туралы шағыммен жүгінуге құқылы.
Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, Орындаушыға) шағымы, егер мұндай мекенжайды бұрын сатушы (дайындаушы, орындаушы) көрсеткен болса, қолма-қол тапсырылады не тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімі нысанында не Сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық почтасының мекенжайы бойынша жіберіледі.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының шағымын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жоғарыда баяндалған тәсілдермен дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті», – дейді ол.
Айтуынша, сатушының (дайындаушының, Орындаушының) күнтізбелік он күн мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы шағымға жазбаша жауап беру жөніндегі міндеттерді орындамауы ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы (6-бөлігі) бойынша «ескерту» түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
«Тұтынушының шағымына жазбаша жауап бермеу бөлігінде құқықтар мен заңды мүдделерді бұзғаны үшін «ескерту» түрінде 73 кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда Жеке тұлғаларға – 10, ЖК субъектілеріне – 20, ОК субъектілеріне – 30, ІК субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», – деп атап өтті Нұрғали Егембердиев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -